Алматинский Транспортный колледж
КазАТК имени М. Тынышпаева

Сәлеметсіздер ме, қымбатты сайт қонақтары!


Сәлеметсіздер ме, қымбатты сайт қонақтары!

Сіздерді біздің сайтымыздың беттерінде қарсы алуға қуаныштымыз.

 

Жоғары оқу орнының тарихы 1931 жылдан, Ташкент қаласында орналасқан Орта Азия темір жол көлігі инженерлері институтының филиалы жанынан Алматыда ашылған алғашқы оқу – кеңес пунктінен бастау алады

Жоғарыда көрсетілген оқу-кеңестік пункт 1967 жылдың 1 казаннан бастап ТашИИТ-тің Алматы филиалы болып кайта құрылды.

1976 жылдың 20 мамырында аталмыш филиал - Алматы Темір жол көлігі инженерлер институты (АлИИТ) құрылды.

1991 жылдың 1 қаңтарда, Өскемен құрылыс жол институтының Алматы филиалының базасында - Алматы автокөлік-жол институты құрылды (ААДИ).
1996 жылдың - 7 мамырында, Алматы Темір жол көлігі инженерлері институты мен Алматы автокөлік-жол институты оқу орындарының базасында – көлік саласы үшін ірілендірілген жоғары оқу орны – Көлік және коммуникациялар академиясы құрылды (ҚазККА).

2000 жылдың 23 мамырында Қазақ көлік және коммуникация академиясына, ірі қоғам және саяси қайраткер, Түркістан-Сібір магистралі жобасын жасаушы және құрушы, қазақтан шыққан алғашқы қатынас жолдары инженері - Мұхамеджан Тынышбаев есімі берілді.

Бүгінде М. Тынышпаев атындағы КазҚҚА Темір жол (соның ішінде қалалық электр көлігі мен метрополитен), автомобиль көлігі, ақпараттық технология, телекомуникациялар және каржы-экономикалық құрылымдар үшін мамандар даярлау бойынша Қазақстанның жетекші жоғары техникалық оқу орны.

КазККА - дағы оқу мен ғылым үрдісін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады, оның 65% - ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, профессорлар және доценттер.

Академияның Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында орналасқан колледждері бар.

Академия туралы қосымша ақпаратты сайттың басқа бөлімдерінен табуға болады.

 

Назарларыңызға  рахмет!