Алматинский Транспортный колледж
КазАТК имени М. Тынышпаева

Колледж студенттерінің имамдармен кездесуі


Дін мамандарымен  қыркүйектің 22-сі күні М.Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжінің студенттерінің арасында сұхбат жүріп, сұрақ-жауап алмасу өтті. Имамдар балаларды барынша өзге діндерден аулақ болуға,  жалған діннің етегінде кетпеуге шақырды. Бүгінгі таңда дінге бет бұрып, жаман әдеттерден безіп, жақсы жолға, имандылыққа баулып келе жатқан жастардың көп екендігін,бұл қуантатын жағыдай екенін баса айтты.Дегенмен, алдағанға тез көнетін, арбауға, торға бірінші болып түсетін де осы жастар екендігін айтты. Нағыз мұсылман боламын, имани сауаттылығымды арттырамын деген жастар болса, алдымен мешітке келіп, уағыз тыңдап, білімдерін тек Алла үйінде  ғана жетілдіру керектігін ескертті. Көшедегі саны көп кітаптарға үйір болып, басқа дінге еріп кетпеуге, соларға барынша сеніп,  өз мұсылман бауырларына қарсы шығып жүрмеуге шақырды. Студенттер өздерін ойландырып, толғандырып жүрген сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын да алды. 9-ОПУ-17-1К тобының студенті Алтынбек Қазына мынадай сұрақ қойды:

- Тек таң намазы мен құптан намазын ғана оқуға бола ма?

- Негізі намазды толық оқыған дұрыс. Тым болмай жатса осы екі намазды ғана оқи беріңіз, әрі қарай Алла өзі жеңілдігін берер ишалла!

- Қазіргі таңдағы қысқа балақты, ұзын сақал қойып  жүретін мұсылмандардан бізге келетін қауіп-қатер бар ма?

 - Сұрағыңыз өте орынды. Қазіргі таңда бәрін алаңдатып жүрген сұрақтардың бірі. Мұсылманның қайсысы қоғам үшін қауіпті, қайсысы қауіпсіз екенін сыртқы киген киімінен, жүріс-тұрысынан ажырату қиын. Сақал қоймай-ақ, балағын кеспей ақ адамдарға шабуыл жасап, терорлық әрекеттерге бой беріп  жатқан бауырларымыз қаншама, сондықтан оларды бөліп –жарып мынау дұрыс, анау бұрыс деп айту қиын.

     Бұл кездесуден соң студенттер біраз ақпараттарға қанық болып, тың дүниелерден хабардар болып қайтты. Колледж әкімшілігі осындай рухани жан дүниені байытатын кездесулердің әлі де талай рет болатынын сеніммен айтты.